Жаналықтар

Іле ауданы, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары мұғалімдерімен кездесу

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 3,6, 8 сынып оқулықтарын таныстыру мақсатында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында Абылай хан атындағы орта мектепте Іле ауданы, Талғар және Еңбекшіқазақ ауданы мұғалімдерімен кездесу өткізілді. Семинарға 100 ге жуық мұғалім қатысты. Баспа ұсынған оқулықтар мен ОӘК таныстырылып, мұғалімдердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Жаналықтар | Арман-ПВ

«Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру сапасын арттыру: үздік тәжірибелер мен инновациялар» физика, химия, биология және информатика пәні мұғалімдерінің республикалық форум

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп 2018 жылғы 3-4 мамырда Ақтау қаласында физика, химия, биология және информатика пәні мұғалімдерінің «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру сапасын арттыру: үздік тәжірибелер мен инновациялар» физика, химия, биология және информатика пәні мұғалімдерінің республикалық форум өткізілді.
Форумға баспа атынан Физика, Информатика оқулықтарының авторы – Закирова Н.А. қатысты. Маңғыстау облысы бойынша барлық аудандардың мұғалімдеріне арнап « Физика», « Информатика» оқулықтарының көрмесі ұйымдастырылды.

«Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2018 жылдың 27-28 сәуір күндері Алматы қаласында «Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Бағдарлама бойынша 3, 6, 8 сынып оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің көрмесі өтті.

Республикамыздың орталық аймақтарына бағдарлық сапарға

Жалпы орта білім беретін мектептердің 3, 6, 8 сынып оқушылырына арналған жаңа оқулықтардың тұсаукесерінің аясында авторлар мен баспа өкілдері республикамыздың барлық орталық аймақтарына бағдарлық сапарға аттанды. Авторлар мен «Арман-ПВ». баспасының өкілдері жаңа оқулықтарды ұсынды.
Әр қалада мұғалімдердің қатысуымен арнайы кездесулер ұйымдастырылды. Авторлар жазған жаңа оқулықтарын ұсынып, ұстаздардың ұсыныстарын, пікірлерін тыңдап, тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндіктері болды.
Жалпы оқулықтардың тұсаукесері ойдағыдай өтті. Қатысушылардың белсенділігі өте қуантты. Оқулыққа қатысты көптеген мәселелер талқыланып, ескертулер ұсынылды. Бұл ескертулер мен ұсыныстар оқулықты баспаға әзірленген кезде міндетті түрде ескеріледі. Авторлардың еңбектері ескеріліп, олардың білімдері, біліктері, ұстаздық, практикалық тәжірибелері жоғары бағаланды.
Қорыта келгенде бұл кездесулер перспективті болатынына сенімдіміз. Сонымен қатар алдымызда көптеген міндеттер бар, яғни оқулықтарға енгізілетін түзетулер мен корректорлық жұмыстар. Осыған қарамастан мемлекетіміздің оқушыларына жаңа оқулық әзірлеуде біздің авторларымыз бен баспамыз дұрыс бағытта деп санаймыз.

Frankfurter Buchmesse

Кітап- асыл қазына! 2017 жылғы 11-15 қазан аралығында Франкфурт-на-Майндегі Еуропа- Frankfurter Buchmesse ең үлкен кітап жәрмеңкесі өтті. Бұл көрмеде әлемнің әдебиет саласындағы мәдени жетістіктерімен және жалпы баспа нарығының тенденцияларымен танысуға болады.
Франкфурттегі Frankfurter Buchmesse кітап жәрмеңкесі бұл сансыз баспагерлердің жиіні. Көрмеге келген баспагерлер типографиядағы инновациялық жаңалықтармен және басқа мемлекеттердің баспаларымен қарым-қатынас жасауға, танымал шығармалардың басып шығаруға құқығын алу мақсатымен кездеседі. Сонымен қатар қарапайым халыққа, яғни оқырмандарға бұл іс-шара өзіне қызықты шығармалармен танысуға ашылуда. Кітап жәрмеңкесінде түрлі кітаптар, журналдар, газаттер, атластар мен карталар, электрондық ақпараттар, комикстер, өнер заттары ұсынылды және кітапхана ісі ағартылды. Бұл кітап жәрмеңкесі әлемнің ең үздік шығармаларын және сирек кездесетін кітпатарды сатып алуға мүмкіндік береді.
Франкфурттегі Frankfurter Buchmesse кітап жәрмеңкесі жазушылардың, кітапханашылардың, кітап сатушылардың, редакторлардың, аудармашылардың, әдебиетшілердің, иллюстраторлардың және басқа да көптеген мамандардың кездесу орны болып табылады. Frankfurter Buchmesse көрме аясында семинарлар, дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер, әдеби оқулар, ақын-жазушылармен кездесулер, пікірталастар, концерттер енгізілді. Арман-ПВ баспасы Frankfurter Buchmesse кітап көрмесіне қатысты.

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0- білімнің үлесі»

2017 жылғы 22 тамызда ЭКСПО-2017 павильонында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0- білімнің үлесі» республикалық тамыз конференция педагогтарының пленарлық отырысы өтті. Бұл шара республикамыздың жаңа оқу жылын ашады. Конференция аясында білім беру мәселелері туралы диалогтар құрылып, білім берудің жаңа әдістемелік нұсқаулары берілді. Конференцияға педагогтар, ғалымдар, Қазақстан Республикасының жетекші баспалары қатысты.

«Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту контексте Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдардың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда білімді және ғылымды дамыту» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын

2017 жылғы 17 тамызда Алматы қаласының білім беру басқармасы 100 жылдық мерей тойына арналған «Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту контексте Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдардың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда білімді және ғылымды дамыту» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияға Астана қаласының Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» директоры, Алматы қаласының білім беру басқармасының орын басары, «Алматы кітап» баспасының президенті, «Step by Step» халақаралық қоғам қорының директоры және ISSA қауымының мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогика және бастауыш білім беру» кафедрасының, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің өкілдері, Алматы қаласының «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының акционерлік қоғамы, мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру саласының ардагерлері конференцияға қатысты.
Конференция аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізінде оқулықтардың, бағдарламалардың, әдістемелік құралдары мен оқу-әдістемелік көрмесі өтті. Көрмеге мемлекетіміздің баспалары және біздің «Арман-ПВ» баспасы қатысты.

Халықаралық әдеби Биеннале

2017 жылғы 12 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасында Халықаралық Әдеби Биенналеннің ашылу рәсімі өтті. Халықаралық әдеби Биеннале «ЭКСПО-2017»-ге арналған мәдени іс-шаралар циклы аясында өткізілуде. Биеннале тақырыбы: «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы». Конференция аясында түрік жазушылармен кездесіп, олармен қарым-қатынас жасауға келісімдер жасалды . Биенналеге әлемнің 24 елінен 40-тан астам шет ел өкілдерінің қонақтары қатысты. Сонымен қатар еліміздің баспалары шараға белсенді қатысты. Солардың бірі «Арман-ПВ» баспасы.

«Қазіргі мектепке дейінгі білім: мақсаты, мәселелері, келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Алматы қаласында 2017 жылдың 2-3 маусымында Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білімге 100 жылдығына арналған «Қазіргі мектепке дейінгі білім: мақсаты, мәселелері, келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы халықаралық Мирас мектебі мен Мирас балабақшасы негізінде өтті. Конференцияны мектепке дейінгі Департаменті мен орта білім берудің Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі және Қоғамдық қор «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ұйымдастырған. Конференцияда Мирас балабақшасының мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың біріктірілген бағдарламасы ұсынылды. Конференцияның секциалық отырысында біріктірілген бағдарламаның мазмұны мен жүзеге асыру үрдісінің аспектілері, білім беру әрекетінде жоспарлаудың ерекшеліктері мен заттық-дамытудың ортасын ұйымдастырылуы, тәрбиеленушілердің ілгерілігін бағалауы, балабақша педагогтардың кәсіби құзіреттілігін жоғарлатуы талқыланды. Конференция негізінде біздің баспамыз «Қазақстанның оқу-әдістемелік негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» атты көрмесіне қатысты және «Әліппе» оқу кешені ұсынылды.

«Мазмұны жаңартылған оқулық: сұрақтарды әзірлеу мен сапасын қамтамасыз ету» атты оқыту семинары

1-2 маусымында Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде «Оқулық» Республикалық ғылыми практикалық орталығының әрекетімен «Мазмұны жаңартылған оқулық: сұрақтарды әзірлеу мен сапасын қамтамасыз ету» атты оқыту семинары өткізілді. Семинарға еліміздің баспа редакторлары мен әдіскерлері, оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерінің авторлары, мектеп мұғалімдері, «Оқулық» РҒПО өкілдері, Ы.Алтынсарин атындағы білім беру академиясы, «Назарбаев зияткерлік мектебі» қатысты. Семинар барысында оқулықтың жаңартылған мазмұнын құруға өзекті сұрақтар талқыланды.

«Жастар кітапті таңдайды» атты көрмесі

Алматы қаласының әкімімен 2017 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Іс-шара негізінде 2017 жылы 27 сәуірде ҚМҚК Алматы көпсалалы колледжінде «Жастар кітапті таңдайды» атты көрмесі өтті. Біздің баспамыз студенттер мен оқытушылардың оқу үрдісінде қолданылатын әдебиетті ұсынды. Бұл орта кәсіптік және кәсіби-техникалық білім беруге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, негізгі мектеп пәніне қосалқы, анықтама және КТ-ға дайындауға арналған әдебиеттер.

«Ұлы Жібек жолымен» халықаралық кітап пен полиграфия көрмесі

2017 жылы 6-8 сәуірде Алматы қаласында «Атакент» көрме орталығында «Ұлы Жібек жолымен» халықаралық кітап пен полиграфия көрмесі өтті. Көрмеге біздің еліміздің баспа, кітап сату мен полиграфия ұйымдарының өкілдері және жақын мен алыс шет елдірі қатысты. «Арман-ПВ» баспасы көрмеде оқу және оқу-әдістемелік, балалар, танымдық, анықтама мен энциклопедиялық әдебиетті, электрондық кітаптарды, сандық білім беру қорларын ұсынды. Баспалардың көрмеге қатысуы озінің баспа мен электрондық өнімдерін ұсынуға және өздерінің бәсекелестердің іс-әрекетімен танысуға, тікілей оқырмандармен, мамандармен кездесуге, жаңа іскерлік байланыстарды орнатуға мүмкіндік берді.

WORLDDIDAC Astana 2017

2017 жылы 4-6 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің ұйымдастыруымен көрме орталығында «Көрме» халықаралық білім беру мен кәсіби дайындыққа арналған технологиялар көрмесі өтті. «Арман ПВ» баспасы көрмеге қатысты. Біздің баспамыз көрмеге оқыту, әдістемелік, балалар, анықтама әдебиетін ұсынды. Көрме барысында біз жаңа сатып алушылар мен серіктестіктерді тауып, басқа елдің баспаларынан тәжірибе алып, түрлі диалогтар мен семинарға қатыстық.

6-7 сыныптарға арналған жақрапия оқулықтарын

2017 жылы 30 наурызда Астана қаласында № 73 мектеп-лицейінде Мазбаева О.Б., Жанәділ О., Көбенқұлова С., Айтақынова Ш. авторлар 6-7 сыныптарға арналған жақрапия оқулықтарын ұсынды. Оқулықтар «Оқулық» РҒПО орталығында сараптамадан ойдағыдай өтіп, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі білім ұйымдарында қолдануға ұсынысынды. Оқу-әдістемелік кешендер жаңа білім беру әдістері мен технологияларға сай құрастырылған. «Арман ПВ» баспасы мен оқыту кешендерінің авторлары теориялық және практикалық материалдарын,әдіс пен материалды көрсету жолдарын, жаңа әдістертердің ерекшелігі мен технологияларын мұғалімдермен, әдіскерлермен талқылады.