Баспа туралы

Даму тарихы

«Арман-ПВ» баспасы оқу, анықтамалық, түзету-дамыту, оқыту-үйрету әдебиеттерін мектепалды, орта мектеп, кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарына арнап шығаруға мамандандырылған. Баспа сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен орта мектептерге арналған электрондық оқулықтар мен сандық білім қорларын шығарумен де айналысады.

Баспаның алдында тұрған өзекті мәселелер: білім беру ұйымдарына арналған оқу әдебиеттерінің сапасын жақсарту; оқу-әдістемелік кешендері мен оқулықтар мазмұнына құзырлылық амалдарын енгізуді қамтамасыз ету; оқу әдебиеттерін уақытында шығаруды қамтамасыз ету; санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып, оқу әдебиеттерінің полиграфиялық безендірілуін жетілдіру; авторлық ұжымдардың сапалық құрамын көтеру.

Республикамыздың білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер шығару, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дайындау мақсатында Баспада авторлар мектебі құрылған. Авторлар ұжымы үздік әдіскер-педагогтер мен ғалымдардан тұрады. Солардың қажырлы еңбегінің арқасында «Арман-ПВ» баспасынан жалпы білім беретін қазақ тілді мектептер үшін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «География», «Жаратылыстану», «Информатика», «Математика», «Русский язык» оқу-әдістемелік кешендері, оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Информатика», «Русский язык», «Русская литература», «География», «Естествознание» оқу-әдістемелік кешендері жарық көрді.

Оқулықтар мазмұны ұлттық құндылықтарға, оқушылардың оқу-танымдық, мәдени, қарым-қатынас, ақпараттық, әлеуметтік және өзін-өзі дамыту құзыреттіліктерін дамытуға негізделген, ізденіске жол ашатын зерттеушілік әдіс арқылы өздігінен білім алуға дағдыландыратын логикалық сұрақтар мен тапсырмаларға, сұхбат-сұраққа, түрлі танымдық тақырыптағы айдарлар, энциклопедиялық түсінік және тағы басқа мәліметтерге құрылған.

Орта мектептерге арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» электрондық оқулықтары дайындалса, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған интербелсенді оқыту бағдарламасы – «Балапан» мен «Тілтұмар» электрондық білім қоры әзірленді. Біздің баспаның оқулықтары сұхбат оқулықтар ұстанымында жазылған. Оқу-әдістемелік кешендер әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, педагогиканың алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтаған инновациялық технологиялар қолдана отырып жазылған. Атап айтқанда, «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» (Ж.Қараев, Ж.Кобдикова), «Модулдік оқыту» (М.Жанпейісова), «Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту» технологиялары.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу мекемелері үшін «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Әлеумет», «Таным» білім салаларына біріктірілген «Қарлығаш», «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» оқу-әдістемелік кешендері дайындалды.

Оқу-әдістемелік кешендер әдістемелік құралдардан, жұмыс дәптерлерінен, хрестоматиялар мен альбомдардан, жаттығулар мен сценарийлер жинағынан, дидактикалық материалдардан тұрады. Жаңа жобалар аясында «Зерде», «Тұлғатаным», «Алтын жылға», «Есептер әлемі», «Білім – қазына», «Ұстаз шеберханасы», «Сөз сыры», «Әдеби мұра», «Ғаламтану», «Оқушы анықтамалығы», «Талапкер» атты топтамалар дайындалды.

Барлық баспа өнімдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітіліп ұсынылғандықтан, білім беру мекемелерінде табысты пайдаланылуда. Біздің баспаның негізгі мақсаты – өз тұтынушыларын сапалы әдебиеттермен қамтамасыз ету, мүмкіндігінше мазмұнды және қайталанбас кітаптар шығару.

Баспа құрылымы
  • әкімшілік
  • редакторлық бөлім
  • өндірістік-техникалық бөлім
  • қаржы бөлімі
  • авторлар мектебі
  • Республикамыздың білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер шығару, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дайындау мақсатында Баспада авторлар мектебі құрылған. Авторлар ұжымы үздік әдіскер-педагогтер мен ғалымдардан тұрады. Солардың қажырлы еңбегінің арқасында «Арман-ПВ» баспасынан жалпы білім беретін қазақ тілді мектептер үшін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «География», «Жаратылыстану», «Информатика», «Математика», «Русский язык» оқу-әдістемелік кешендері, оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Информатика», «Русский язык», «Русская литература», «География», «Естествознание» оқу-әдістемелік кешендері жарық көрді. Оқулықтар мазмұны ұлттық құндылықтарға, оқушылардың оқу-танымдық, мәдени, қарым-қатынас, ақпараттық, әлеуметтік және өзін-өзі дамыту құзыреттіліктерін дамытуға негізделген, ізденіске жол ашатын зерттеушілік әдіс арқылы өздігінен білім алуға дағдыландыратын логикалық сұрақтар мен тапсырмаларға, сұхбат-сұраққа, түрлі танымдық тақырыптағы айдарлар, энциклопедиялық түсінік және тағы басқа мәліметтерге құрылған.
  • Біздің баспаның оқулықтары сұхбат оқулықтар ұстанымында жазылған. Оқу-әдістемелік кешендер әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, педагогиканың алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтаған инновациялық технологиялар қолдана отырып жазылған. Атап айтқанда, «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» (Ж.Қараев, Ж.Кобдикова), «Модулдік оқыту» (М.Жанпейісова), «Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту» технологиялары.
  • Авторлар мектебінің негізгі жұмыс бағыты:
  1. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекеті (оқулықтарды, ОӘК дайындауда теория мен әдіснама саласындағы білімдерін тереңдету және кеңейту, өздігінен білім алуды, өздігінен жетілуді, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, семинарларда қатысуды жандандыру және т.б.)
  2. Білім беру іс-әрекеті (оқулықтарды, ОӘК-ді, оқу әдебиетін дайындалуда мен жасалуда, біліктілігін көтеруде авторлардың үлес қосуы).
  3. Баспа қызметі (оқулықтарды, ОӘК-ді, басқа оқу әдебиетті дайындалуда және шығаруда үлес қосуы).
  • Авторлар мектебі Білім басқармаларымен, әдістемелік бөлмелерімен, әртүрлі білім беру ұйымдарымен, білімін жетілдіру институттарымен өзара әрекет жасайды. Осындай әрекеттің салдарынан баспа оқулықтарының авторлары мен әдіскерлері еліміздің аймақтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ң облыстық филиалдарымен, әдістемелік бөлмелерімен бірге жүйелі түрде әдістемелік және тәжірибелік семинарларын, авторлық курстарын өткізеді. Республика мектептерінің мұғалімдеріне қашықтықтан жедел түрде әдістемелік көмек көрсетіледі.
  • Орта мектептерге арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» электрондық оқулықтары дайындалса, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған интербелсенді оқыту бағдарламасы – «Балапан» мен «Тілтұмар» электрондық білім қоры әзірленді.
  • Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу мекемелері үшін «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Әлеумет», «Таным» білім салаларына біріктірілген «Қарлығаш», «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» оқу-әдістемелік кешендері дайындалды. Оқу-әдістемелік кешендер әдістемелік құралдардан, жұмыс дәптерлерінен, хрестоматиялар мен альбомдардан, жаттығулар мен сценарийлер жинағынан, дидактикалық материалдардан тұрады.
  • Жаңа жобалар аясында «Зерде», «Тұлғатаным», «Алтын жылға», «Есептер әлемі», «Білім – қазына», «Ұстаз шеберханасы», «Сөз сыры», «Әдеби мұра», «Ғаламтану», «Оқушы анықтамалығы», «Талапкер» атты топтамалар дайындалды.
  • Аймақтық өкілдіктері
  • Өзекті мәселелер
    • білім беру ұйымдарына арналған оқу әдебиеттерінің сапасын жақсарту;
    • оқу-әдістемелік кешендері мен оқулықтар мазмұнына құзырлылық амалдарын енгізуді қамтамасыз ету;
    • оқу әдебиеттерін уақытында шығаруды қамтамасыз ету;
    • санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып, оқу әдебиеттерінің полиграфиялық безендірілуін жетілдіру;
    • авторлық ұжымдардың сапалық құрамын көтеру.
  • ҚР БҒМ-ның нормативтік-құқықтық құжаттары
  • Жетістіктер
Басшылық сұлбасы

Аймақтық өкілдігі

Аймақтық өкілдігі

Казақстан Республикасы,
140000, Павлодар қ., Исиналиев Михаил к., 1 үй, 105 офис
тел.: +7 (7182) 61-59-96
моб.: +7 (777) 933-38-30
e-mail: aizhan0512@mail.ru
http://www.arman-pv.kz

 

 

Аймақтық өкілдігі

Казақстан Республикасы,
050031, Алматы қ., Ақсай - 1А м/а, 28Б үй
тел./факс: +7 (727) 316-06-30, 316-06-31, 316-46-72
e-mail: іnfo@arman-pv.kz
armanalmaty@mail.ru http://www.arman-pv.kz

«Арман-ПВ» кітап дүкені

Алматы қ., Алтынсарин (Правда) к-сі, 87 үй
тел.: +7 (727) 303-94-43
http://www.arman-pv.kz

 

Өзекті міндеттер
  • Білім беру ұйымдары үшін басылып шығарылған оқу əдебиетінің сапасын арттыру.
  • Мектеп оқулықтары мен оқу-əдістемелік кешендерінің мазмұнын құруда білікті тәсілді енгізуді қамтамасыз ету
  • Оларды дер кезінде шығару
  • Авторлық ұжым құрамының сапасын арттыру.